Медициналық сақтандыру қорының жарналары азайтылады

13 июля 2017 4
ҚР Парламенті Медициналық сақтандыру қорына түсетін аударымдар мен жарналардың мөлшерлемесі мен объектілері бойынша оларды азайту жағына қарай түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасын мақұлдады.

Медициналық сақтандыру қорының жарналары азайтыладыҚазақстан Республикасы Парламенті Сенатында  денсаулық сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, ол Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрі – ӘМСҚ) түсетін аударымдар мен жарналардың мөлшерлемесі мен объектілері бойынша оларды азайту жағына қарай түзетулер енгізуді көздейді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың айтуынша, жұмыс берушілердің жүктемесін азайту мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі:

  1. мемлекет жарналары мөлшерлемесінің көлемі мен жұмыс берушілер жарналары мөлшерлемесінің көлемін азйтуды;
  2. жеке кәсіпкерлер жарналары мөлшерлемесінің көлемін белгілеуді;
  3. жеке кәсіпкерлер үшін есептеу объектісін бір төменгі жалақыдан екі төменгі жалақыға дейін өзгертуді ұсынады.

Осылайша, ӘМСҚ-ға түсетін мемлекет жарналары заң жобасында төмендегідей түрде белгіленді:

  • 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 3,75 %;
  • 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 4 %.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет жарналарының көлемі республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын тиісті қаржы жылына белгіленетін болады.    

ӘМСҚ-ға жұмыс берушінің аударымдары:

  • 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап – аударымды есептеу объектісінің 1 %-ы;
  • 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 1,5 %;
  • 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 2 %, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 3 %.

Сондай оқыңыздар: МӘМС жүйесінде жеңілдік берілген адамдар тізімін кеңейту жоспарлануда



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях