Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық қағидалар жаңартылды

14 июля 2017 8
Бұл қағидаларды қабылдау денсаулық сақтау саласындағы шағын бизнестің дамуы үшін әкімшілік тосқауылдарды жойып қана қоймай, сондай-ақ халыққа көрсетілетін медициналық ызметтер сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық қағидалар жаңартылдыҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов  «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа қол қойды.

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Санитариялық қағидалардың жаңа редакциясында денсаулық сақтау саласындағы бизнес үшін тосқауылдар болып табылатын нормалардың 30 %-ы алынып тасталды, сондай-ақ басқа нормативтік құқықтық актілерді қайталайтын талаптар қысқартылды. Бұл талаптар медициналық қалдықтарды тасымалдау мен зарарсыздандыруға; медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерильдендіру мен залалсыздандыруды өткізуге; денсаулық сақтау объектілеріндегі өндірістік бақылаужы өткізу жағдайларына қатысты. Сондай-ақ құрылыс салу үшін жер учаскесін таңдауға, жобалауға, қайта құрылымдау мен объектіні қайта жабдықтауға, денсаулық сақтау объектілері жинағы мен үй-жайларының ауданына қойылатын талаптар, қайталанатын СНжЕ (құрылыс нормалары мен ережелері) де алынып тасталды.

        Жаңа технологияларды енгізуге байланысты гемодиализ, дерматологиялық косметология, пластикалық-эстетикалық хирургия сияқты көрсетілетін қызметтерге қойылатын қосымша санитариялық талаптар әзірленді, талаптар сондай-ақ оңалту орталықтарын, оның ішінде паллиативтік көмек көрсететін және бикелік күтім жасайтын ұйымдарды да қамтыды. Бұл қағидаларды қабылдау денсаулық сақтау саласындағы шағын бизнестің дамуы үшін әкімшілік тосқауылдарды жойып қана қоймай, сондай-ақ халыққа көрсетілетін медициналық ызметтер сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.  

     Бұл санитариялық қағидалар санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтауға, ауруханаішілік инфекциялардың профилактикасы мен персоналдың жұмыс орындарында оңтайлы гигиеналық жағдайлар мен пациенттер үшін қауіпсіз жағдайлар жасауға бағытталған.

     Санитариялық қағидалар жобасы денсаулық сақтау ұйымдарымен, ғылыми мекемелермен, кәсіпкерлер қауымдастығымен, халықаралық сарапшылармен, аккредиттелген қауымдастықтардың сарапшыларымен, сондай-ақ кәсіпкерлердің «Атамекен» Ұлттық палатасымен бірге талқыланды.

Сондай-ақ оқыңыздар: Жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысы жетілдіріледі



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях