Денсаулық сақтау министрлігі онкологияда жасанды зиятты іске қоспақшы

14 июля 2017 2
Жүйе мәліметтер мен ғылыми мақалаларға талдау жасауға негізделген ұсынымдарды береді, ол нақты пациент үшін емдеудің неғұрлым оңтайлы әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрлігі онкологияда жасанды зиятты іске қоспақшыҚазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің IBM корпорациясымен бірге онкология саласында жасанды зият пайдалану бойынша жобаны іске қосатындығын хабарлады.

«Компаниямен бірге денсаулық сақтауда, онкология саласында жасанды зият пайдалану бойынша қанатқақты жобаны жүргізу жоспарлануда. Жүйе мәліметтер мен ғылыми мақалаларға талдау жасауға негізделген ұсынымдарды береді, ол нақты пациент үшін емдеудің неғұрлым оңтайлы әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді. Алдын ала келісушілікке қол жеткізілді.  Қазіргі кезде жобаны осы жылдың күзінде іске қосуға дайындық жүргізілуде», – деп хабарлады  ведомство басшысы.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта бүкіл республика бойынша денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды қамтамасыз ету және ақпарат жинауға арналған 22 ақпараттық жүйе жұмыс істейді.

Ақпараттық жүйелерді кіріктіру, мәліметтердің бірыңғай қоймасы мен кірудің бірыңғай нүктесін жасау мақсаттарында қазіргі уақытта Бүкіл дүниежүзілік банк  жобасының шеңберінде  кіріктіру платформасы енгізілуде. Платформа базасында пациенттің жеке кабинеті мен дәрігердің жеке кабинеті құрылатын болады. Платформаны қанатқақты режимде 2017 жылдың соңында іске қосу жоспарлануда.

Сондай-ақ оқыңыздар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жәнеGoogle: медицина саласындағы жаңа әзірлемелер



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях