Дәрілерді әдепке жатпайтын алға жылжыту үшін жауапкершілік енгізіледі

18 июля 2017 4
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі дәріханалар қызметкерлері үшін дәрілердің белгілі бір аталуларын алға жылжыту үшін жауапкершілік енгізеді.

Дәрілерді әдепке жатпайтын алға жылжыту үшін жауапкершілік енгізіледіҚазақстан Республикасы Үкіметі отырысының қорытындылары бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дәрілік препараттардың белгілі бір атауларын алға жылжытуға жол бермеу бойынша іс-шаралар әзірленіп жатқандығын хабарлады.

Қандай да бір дәріні сатып алу туралы шешімді  пациент дәрігердің тағайындауы бойынша қабылдайды, дәрігер белгілі бір брендтердің препараттарын жазып береді. Фармацевтикалық компаниялар дәрілердің құнына осындай «алға жылжыту» үшін шығындарды да қосады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдаятты ерекше бақылауға алуға ниеттеніп отыр.

Ведомство басшысы бұл проблеманың бүкіл дүние жүзі үшін өзекті екендігін атап өтті, алайда негізгі фармацевтикалық компаниялар, оның ішінде Қазақстанда дәрілерді әдепке жатпайтын алға жылжытудан бас тарту туралы ішкі регламенттерге қол қоя бастады.

«Солай болғанмен де, бәрін бақылау мүмкін емес. Нарық үлкен, өте көп дистрибьюторлар жұмыс істейді. Біз медициналық қызметкерлердің дәрілерді әдепке жатпайтын алға жылжытуы үшін жауапкершілігін заңнама бойынша бекітуге ниеттеніп отырмыз», – деді министр.

Бұл іс-шара бірінші кезекте дәріханалардың қызметкерлеріне қатысты болады, өйткені дәрілік препараттарды рецептуралық жағынан тек дәрігерлер ғана тағайындай алады. Бұған қоса, дәрілер сауда атауларынсыз халықаралық патенттелмеген атау бойынша тағайындалуы тиіс. Пациенттің өзі аталуы мен өндірушіні таңдап алға тиіс.

Сондай-ақ оқыңыздар: Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы жекеменшік дәріханалардағы бағаларды бақылайтын болады



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях