Донорлық иммундық жасушалардың арқасында обыр бірінші рет жеңіліске ұшырады

24 июля 2017 2
Медицина тарихында бірінші рет лейкемияны жеңу үшін генетикалық түрлендірілген донорлық иммундық жасушалар табысты пайдаланылды.

Донорлық иммундық жасушалардың арқасында обыр бірінші рет жеңіліске ұшырадыЛондондық Грейт Ормонд Стрит ауруханасының мамандары  медицина тарихында бірінші рет жасы 11 және 16 ай екі баладағы лейкемияны  жеңу үшін генетикалық түрлендірілген донорлық иммундық жасушаларды табысты пайдаланды. Медиктер пайдаланған технология стандартты жасушалық терапияның кеңейтілуі болып табылады және онда қымбат емес донорлық әмбебап жасушалар пайдаланылады, олар уақыттың кез келген сәтінде алынуы және пайдаланылуы мүмкін.

Лондон медиктері әзірлеген технология Juno Therapeutics және Novartis-ті қосқанда бірқатар компанияларда әзірленген және қолданылатын, жасушалық терапия технологиясынан айтарлықтай озып тұр. Бұл компаниялардың технологияларында пациент ағзасынан алынған жасушалар пайдаланылады. Және де оларды пайдалану үшін оларды іріктеу, гендік түрлендіру мен оларды пациент ағзасына кері енгізуге көп уақыт талап етіледі.

Өз жұмысында британдық медиктер иммундық жүйенің «жауынгер бірліктері» болып табылатын, «үнемі аш» жасуша-жыртқыштарды, CAR-T үлгісіндегі Т-жасушаларды пайдаланды, олар тиісті гендік түрлендіруден кейін лейкемиямен немесе басқа да онкологиялық аурулармен зақымданған жасушаларға ғана шабуыл жасайды. Донорлық жасушалар жалпы саны төрт генетикалық түрлендіруге ұшыратылды, олардың екеуі  TALENs геномын редакциялау технологиясының көмегімен жүргізіледі. Бұл түрлендірулердің біреуі донорлық жасушаны басқа адам денесіндегі қалыпты жасушаларға шабуылдау қабілетінен айырады, ал екіншісі олардың  «агрессиясын» қатаң түрде обырлық жасушаларға бағыттайды.

Осыншалық орасан табысқа қарамастан, медициналық әлемде британдықтар жасағанның бәріне күмән келтірген скептиктер табылды. «Жазылып шыққан екі бала да мұның алдында химиялық терапияның стандартты курсынан өтті, – деп әңгімелейді Штефан Групп, Филадельфия балалар ауруханасы иммундық терапия бөлімшесінің директоры. – Сондықтан бұл жағдайда жаңа әдістің жоғары тиімділігінің ешқандай сенімді дәлелдемелері жоқ. Әрине, егер бұл әдіс жұмыстық әдіс болып шықса, тамаша болған болар еді, бірақ бізге әлі де болса жуырдағы болашақта бұған көз жеткізуіміз керек».

Жасушалық терапияның жаңа технологиясына құқық биотехнологиялық Cellectis компаниясына берілді, ал препараттарды шығарумен Servier және Pfizer фармацевтикалық компаниялары айналысады. «Кез келген  пациент біздің жаңа әдістің көмегімен дереу емдеуді ала алады. Басқа әдістерде пациентке өз жасушалық материалын алу, генетикалық өңдеу мен кері енгізу үшін қажетті бөгеліс сөзсіз туындайды, – деп әңгімелейді  Джулианна Смит, Cellectis компаниясының CAR-T жасушалары базасында технологияларды дамыту бағытымен айналысатын вице-президенті. – Біздің жағдайда донордан алынған қан бірден тұтынуға дайын, жүздеген дозаға айналуы мүмкін. Біз бір дозаны өндіру құны 4 мың долларды құрайтын болады деп бағалап отырмыз, бұл пациенттің өз жасушаларынан доза алуға талап етілетін 50 мың доллар сомасынан анағұрлым аз».

Сондай-ақ оқыңыздар: Денсаулық сақтау министрлігі онкологияда жасанды зиятты іске қоспақшы



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях