Е. Біртанов қазақстандық дәрілердің сапасы мәселесіне түсініктеме берді

1 июня 2017 2
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлер жанама әсерлер оқиғалары туралы баяндаулары үшін дәрігерлерді фармакологиялық қадағалауға тартуды белсендіру бойынша жұмыс жүргізуде.

Е. Біртанов қазақстандық дәрілердің сапасы мәселесіне түсініктеме бердіҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Мәжіліс сыртында баспасөз өкілдеріне отандық дәрілік препараттардың сапасы мәселелеріне түсініктеме берді: «Шындығымды айтсам, мен мәселенің бұлайша қойылуына мүлдем келіспеймін. Қазақстандық медициналық препараттар сапасының мәселелері орын алып келді, қандай да бір мөлшерде орын алуда, бірақ бұл проблема тек қазақстандық препараттар үшін ғана тән дегенді айтпаймын. Бүгін сіздер бұл жерде (Мәжілістегі көрмеде) біздің барлық негізгі өкілдердің қойылғанын көрдіңіздер. Олардың елеулі бөлігі іс жүзінде өндірістің халықаралық стандарттарына көшті».

 «Бұл жерде объективті және субъективті фактор бар. Субъективті фактор басқа тауарларға қатысты сияқты. Адамдар еуропалық тауарлардың сапасы жақсы деп ойлайды. Іс жүзінде еуропалық және қазақстандық препараттар бірыңғай шикізаттан дайындалады. Іс жүзіне келгенде барлық шикізат бірыңғай нарықтарда, бірінші кезекте Қытай мен Үндістан нарықтарында жасалады. Біздің дұрыс емес шикізат пайдаланатынымыз туралы айту дұрыс емес», — деп түсіндірді  ведомство басшысы.

Е. Біртанов қазақстандық дәрілерден болатын жанама әсерлердің импорттық дәрілерден болатын әсерлерден көбірек екендігін дәлелдейтін мәліметтердің жоқ екендігін қосты.

«Тіркелген жанама әсерлер тұрғысынан алып қарағанда, қазақстандық препараттарда олардың көп екендігін айғақтайтын мәліметтер жоқ. Біздің жанама әсерлерді көп тіркей бермейтінімізді мойындау керек, өйткені дәрігерлердің белсенділігі өте төмен. Бұл негізінен әңгімелер деңгейінде. Қазіргі кезде біз дәрігерлер жанама әсерлер оқиғалары туралы баяндаулары үшін дәрігерлерді фармакологиялық қадағалауға тартуды белсендіру бойынша жұмыс жүргізудеміз. Сол кезде біз бұл дәрілердің отандық немесе импорттық екендігін айқын анықтай алатын боламыз», – деп атап көрсетті ол.

Министр соңғы уақытта отандық медициналық препараттар сапасының айтарлықтай артып келе жатқаны байқалатындығын атап өтті.

«Біз отандық препараттар сапасы өсуінің өте үлкен серпінін көріп отырмыз, және де біз отандық тауар өндірушілерге қолдау жасауға тиіспіз, өйткені біз ұлттық қауіпсіздікті қалыптастырамыз. Бізде теңге бағамында шұғыл ауытқулар болған кезде біз «сәтсіздікке ұшыраймыз», науқастарды дәрілермен қамтамасыз ете алмаймыз, өйткені импорттық дәрілер 2015–2016 жылдардағыдай, екі-үш есе қымбаттап кетеді», – деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ оқыңыздар: Медиктер мен фармацевттерді қымбат дәрілерді мәжбүрлеп өткізгені үшін жазалайтын болады



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях