Тегін дәрілер тізбесі толықтырылды

26 июля 2017 2
Азаматтарды тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілер тізбесінде 59 жаңа атау пайда болды.

Денсаулық сақтау министрлігі «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар, оның ішінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандырылған емдік өнімдермен тегін немесе жеңілдікпен қамтамасыз ету тізбесін бекіту туралы» бұйрықты бекітті.

Бұйрықтың күшіне ену датасы – 01.01.2018 ж.

Амбулаториялық деңгейде тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар тізбесіне тиімділігі дәлелденген 59 жаңа препарат енді.

Тізбеге 48 нозология кіреді, олардың арасында артериялық гипертензия, бронхалық демікпе, туберкулез, БЦС, АИТВ-инфекция және өзге де әлеуметтік мәні бар аурулар бар. Бұл тізім  анкилозияландыратын  спондиллитпен толықтырылды.

Диспансерлік есепте тұратын екі миллионнан астам науқасқа тегін дәрілік заттарға қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарда бар.

Көрсетілген өзгерістердің мақсаты асқынулар мен рецидивтерден сақтандыру ғана емес. Енгізілген жаңалық әлеуметтік мәні бар аурулардан өлімге ұшыраушылық көрсеткіштерін тқмендетуге, аурулар кезінде ауруханаға жатқызу деңгейін азайтуға, елдегі мүгедектену деңгейін қысқартуға көмектеседі деп күтілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар: Медиктер мен фармацевттерді қымбат дәрілерді мәжбүрлеп өткізгені үшін жазалайтын болады



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях