Авиажолаушыларға медициналық көмек көрсету Қағидалары бекітілді

28 июля 2017 6
ҚР Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен азаматтық авиация жолаушыларына медициналық көмек көрсету Қағидалары бекітілді.

Авиажолаушыларға медициналық көмек көрсету Қағидалары бекітілдіАзаматтық авиация жолаушыларына медициналық көмек көрсету Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ҚР Инвестициялар және даму министрінің 06.06.2017 ж. № 329 бұйрығымен бекітілді.

Бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қағидалардың  3–5 тармақтарына сәйкес, әуе кемесінің бортында дәрігерге дейінгі және білікті медициналық көмек жолаушыларға, кейбір жағдайларда әуе кемесінің экапажына да көрсетіледі.

Медициналық көмек азаматтық авиация ұйымының қаражаты есебінен көрсетіледі. Медициналық көмек көрсету, оның ішінде шетелдік авиажолаушыларға көмек көрсету кезінде жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен тексеруден және тіркеуден өтпеген медициналық өлшеу аспаптарын, сондай-ақ егер олар медициналық қызметкермен тағайындалған жағдайларды қоспағанда, науқастың өзінде бар медициналық құралдар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды пайдалануға жол берілмейді.

Бұған қоса, Қағидалардың 2 тарауымен әуежайдағы медициналық пункт пен оның тұрағы кезінде әуе кемесінің бортында медициналық көмек көрсету тәртібі белгіленді.

Сондай-ақ, әуе кемесінің бортында медициналық көмек көрсету (ұшу кезінде) тәртібі белгіленді.

Қағидаларға қосымшаларда:

– жолаушы авиабилетін қайтарып беру үшін негіздеме қызметін атқаратын, ұшудан шеттету туралы анықтама нысаны;

– азаматтық авиацияның әуе кемелерінде пациенттерді/авиажолаушыларды тасымалдауға медициналық көрсетілімдер/қайта көрсетілімдер;

– борттағы дәрілер қобдишаларын толымдау нормалары және т.б. бекітілді.

Сондай-ақ оқыңыздар: Ұтқыр қосымша арқылы алғашқы көмек



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях