СЭҚ бойынша талаптар 85 %-ға қысқартылады

31 июля 2017 4
Қазақстанда кәсіпкерлер үшін СЭҚ талаптары 85 %-ға қысқарады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық экономика министрлігінде өткен отырыс барысында мемлекеттік бақылау және қадағалаумен байланысты бизнес шығындарын қысқарту жөніндегі жүргізілген жұмыстың аралық нәтижелері қарастырылды. Осылайша, тексеру парақтарының талаптарын оңтайландыру жөніндегі жұмыс жүзеге асырылды.

Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары Асланбек Жақыповтың айтуынша, қазіргі кезде кәсіпкерлерге 14 мыңға жуық талап (83 санитариялық ережелерден) қойылып отыр. Егжей-тегжейлі талдау жасалғаннан кейін оларды оңтайландыру бойынша ұсыныстар жасалды. Нәтижесінде СЭҚ саласындағы тексеру парақтары талаптарының саны 85 %-ға (14 000-ден 1 700-ге) қысқарды.

Жүзеге асырылған шаралар бизнеске қатысты әкімшілік жүктеменің азаюына, сондай-ақ кәсіпкерлердің шығындарының қысқаруына септігін тигізеді.

Бұдан бөлек, Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіруге бағытталған заң жобасымен жұмыс істейді.

Егер қазір шұғыл жазалау шаралары қолданылатын болса, аталған заң жобасы аясында алдын алу-түсіндіру сипатындағы шараларға көшу жоспарланып отыр. 

Сондай оқыңыздар: Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық қағидалар жаңартылды



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях