text
MCFR.KZ Медицина

МӘМС шеңберіндегі көрсетілетін медициналық қызметтерді қандай пациенттер ала алмайды?

  • 17 октября 2017
  • 4

2018 жылдың 1 наурызынан бастап МӘМС-ға аударымдар мен жарналар бойынша үш айлық қарызы бар болған кезде көрсетілетін медициналық қызметтерге қолжетімділік тоқтатыла тұратын болады.

МӘМС шеңберіндегі көрсетілетін  медициналық қызметтерді қандай пациенттер ала алмайды?Денсаулық сақтау саласындағы сарапшы Серік Тәңірберген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесіне егер төлемдер үш айға кешіктірілетін болса және пациенттердің неден үміттене алатын жағдаятына түсінік берді.

       Кейбір адамдар егер әлеуметтік мәні бар аурулар тегін және мемлекет кепілдік беретін медициналық көмекке  (бұдан әрі  – ТМККК) кіретін болса, онда МӘМС-ға төлеудің мағынасы жоқ деп есептейді. Бұл олай емес. ҚР-ның  «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңымен көзделген, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құжаттарында олар болған кезде тегін көмек берілетін адамның 20 жай-күйі жазылған. Олардың арасында: онкологиялық аурулар, психикалық аурулар, туберкулез, АИТВ-инфекция, сирек кездесетін аурулар, балалардың церебральды салдануы, қант диабеті және т.б. бар.

   «Алайда, туберкулез немесе онкологиялық ауру айқындалу үшін пациентті зерттеп-тексеру қажет. Әркім өзіне-өзі қандай да бір аурудың бар екендігіне диагноз қоя алмайды және қалай, қайда жүгіну керектігін түсінбейді», – деп түсіндірме берді сарапшы.

    Осылайша, 2018 жылдың 1 наурызына дейін қойылған диагнозы жоқ адам тегін консультация мен диагнозды ала алмайды. Осылайша,  ТМККК төтенше жағдайларға және әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесіне енетін аурудың диагнозы бар адамдарға қолданылады.

  2018 жылдың 1 наурызынан бастап МӘМС-ға аударымдар мен жарналар  бойынша үш айлық қарыз бар болған кезде төтенше жағдайлар мен ТМККК шеңберінде көзделген әлеуметтік мәні бар ауруларды қоспағанда, көрсетілетін медициналық қызметтерге қолжетімділік тоқтатыла тұратын болады.

Бұдан бөлек, МӘМС бойынша көрсетілетін медициналық қызметтерді төлемді үш айдан астам уақытқа кешіктіргендер де ала алмайды.  

    «Бүгінгі заңнама бойынша медициналық көмек көрсету 2018 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Демек осы уақыттан бастап МӘМС туралы заңмен көзделген халықтың белгілі бір санаттарында әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына (бұдан әрі  – ӘМСҚ) жасалатын төлемдер бойынша міндеттеме туындайды. Егер адам жарналарды төлемеген немесе ол үшін жұмыс беруші төлемеген жағдайда оған барлық медициналық көмек көрсетілетін болады, бірақ Қорға соңғы төлем жасалған күннен бастап тек үш айдың ішінде ғана. Бұл мерзім аяқталғаннан кейін жүйеге қолжетімділік жабылатын болады, және төлемдер бойынша қарыз пайда болады, оны өтеу, кезекті төлемдерді төлеу қажет болады, және тек содан кейін ғана пациент жүйеде қалпына келтіріледі», – деп қосты
С. Тәңірберген.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халыққа келетін болсақ, жуырдағы екі жылда  (2018–2019 жылдар) ТМККК шеңберінде оларда шұғыл емделуге жатқызу және емханаға жүгіну мүмкіндігі болады. Жоспарлы стационарлық көмек көзделмеген. Ал 2020 жылдан бастап әлеуметтік мәні бар ауруы жоқ, сақтандырылмаған пациенттер емханаға жүгіне алмайды.  Жедел  медициналық жәрдем барлығы үшін қолжетімді болады.

Осылайша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін мынаны ұсынады:

  • ӘМСҚ-на ең аз жалақының (бұдан әрі – ЕАЖ) 5 %-ын енгізу,  2018 жылы ол айына  1 414 теңгені құрайды;

  •  тұратын жерлеріндегі жұмыспен қамту Орталығына жүгіну, бұл жерде оларға біліктілігіне және жұмыс тәжірибесіне сәйкес жұмысқа орналасу нұсқалары ұсынылады. Егер ұсынылған нұсқалар сәйкес келмесе, онда адам жұмыссыз мәртебесін алады және бұл жағдайда мемлекет өзіне берілген уақыт ішінде ӘМСҚ-на жарналар төлеу бойынша міндеттеме алады;

  • салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және 2 ЕАЖ (ең аз жалақы) мөлшерінен  5 % көлемінде жарналар төлеуді жүзеге асыру.

Сондай-ақ оқыңыздар: ТМККК шеңберінде шетелдіктер мен оралмандарға тегін медициналық көмек көрсету

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях