text
MCFR.KZ Медицина

Медициналық сақтандыру Қорының жұмысын кім бақылайтын болады

  • 19 октября 2017
  • 2

Міндетті медициналық сақтандыру Қорының бірден-бір акцияшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

Медициналық сақтандыру Қорының жұмысын кім бақылайтын боладыҚазақстан Республикасының  «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына (бұдан әрі – ӘМСҚ, Қор)  жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлерден ақша аударымдары келіп түсе бастады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемплекет пен белсенді емес халық жарналар төлей бастайды.

ӘМСҚ-ның бірден-бір акцияшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады, ол ұйым жұмысына бақылауды жүзеге асырады. Қордың ішінде корпоративті басқару жүйесі енгізілген.

Компанияның директорлар кеңесінің құрамына денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, «ӘМСҚ» ҰАҚ басқармасының төрайымы Елена Бахмутова, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов, қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов,  ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов пен тәуелсіз директорлар – Гинтарас Кацявичус, Жанат Ертілесова, Абылайхан Оспанов кірді.

Бұған қоса, Қоғамдық кеңес құрылды, оған  Парламент, әртүрлі үкіметтік емес ұйымдардың, «Атамекен» КҰП-ның өкілдері кірді. Қордың қаржылық есептілігі ресми түрде оның сайтына жүйелі қойылып, БАҚ-нда жарияланып және Үкіметке ұсынылып тұратын болады.

Заңнамаға сәйкес Қор активтерінің  3 %-ы мөлшерінде күтпеген шығындарға (табиғи зілзалалар, техногенді апаттар мен басқа да ТЖ) арналып резерв жасалады, Қордың кіріс және шығыс бөліктерін үйлестіру мен теңгерімдеу тетіктері енгізіледі. Бұл көрсетілетін медициналық қызметтер көлемінің жиналған қаражаттар есебінен сатылып алынатындығын білдіреді.

Денсаулық сақтау саласындағы сарапшы Серіка Тәңірбергеннің айтуынша, Қорда келіп түскен қаражаттан кіріс өндіру міндеті жоқ. Барлық ақша медициналық көмекке жіберілетін болады. Бұл ретте адамға медициналық көмекке шек қойылмайды – қандай көмек қажет болса, сондай көмек берілуі қажет. Жалғыз шектеу Қордың өз резервтерінде бар сомадан артық сомаға шарттар жасай алмайтындығы немесе медициналық қызметтер көрсетуді сатып ала алмайтындығы болып табылады. Егер қамту  99 % шектерінде болып, барлық азаматтар жарналарын өз уақытында төлейтін болса, онда Қор медициналық қызметтер көрсетуді 5-6 ай бұрын сатып ала алады.

Осылайша, сарапшының есебінше, маманға кезектің ұзындығы дәрігердің бар-жоқтығына ғана емес, сондай-ақ барлық азаматтардың сақтандыру жарналарын енгізген-енгізбегеніне де байланысты болады. Егер барлығы бекітілген мөлшерлемелер бойынша соманы тұрақты аударып отыратын болса, оған медициналық қызметтер көрсетуді сатып алуға болатын жақсы сома шығады. Алайда, мысалға, 18 млн адамнан тек 15 млн-ы ғана төлесе, Қор көрсетілетін қызметтерді аз сатып алатын болады.

Қор қызметін реттеу қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілеу жолымен жүргізіледі, ал  инвестициялық қызметті жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі арқылы жүргізіледі. Ол ҚР Ұлттық банкісінде Қор активтерін инвестициялық басқару бойынша барлық операциялардың есебін жүргізетін болады. Сондай-ақ жеке қаражаттар мен қор активтерін бөлек есепке алу енгізіледі. Жыл сайынға тәуелсіз аудит өткізу жоспарлануда. Тұрақты қаржылық есептілікті ұсыну да соңғы рөл атқармайды. Бұған қоса, Қор активтерін инвестициялауға арналған қаржылық құралдардың тізбесі айқын белгіленетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар: Медициналық сақтандыру Қорына жылына қанша ақша талап етіледі?

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях