text
MCFR.KZ Медицина

Қазақстан азаматтарын емханаларға бекіту жалғасуда

  • 19 октября 2017
  • 0

Қазақстанда азаматтарды емханаларға және отбасылық денсаулық Орталықтарына бекіту науқаны жалғасуда.

Қазақстан азаматтарын емханаларға бекіту жалғасудаҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша,  республикада халықты бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі – БМСК) көрсететін медициналық ұйымдарға бекіту жалғасуда, бекіту  2017 жылдың 15 қарашасына дейін ұзартылады.

Бекітілу үшін:

  1. жеке куәлігімен (балалар үшін – тууы туралы куәлікпен) келу және медициналық мекеменің бас дәрігерінің атына өтініш толтыру. Сол күні бекіту жүзеге асырылатын болады;
  2. немесе  еgov.kz порталы арқылы сұрату беру қажет.

Бекітілу туралы ақпаратты порталдың «Денсаулық сақтау» тарауынан білуге болады. Бұл ретте тек бір емханаға ғана бекітілуге болады. Азаматтарды олардың тікелей жүгінісі бойынша БМСК ұйымына бекіту кезінде бұрынғы бекітілген БМСК ұйымынан шығару «Бекітілген халық тізілімі» порталының мәліметтер қоры арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

Азаматтың дәрігерді және емхананы ерікті таңдау кезінде емханаға бекіту жылына бір рет қана жүзеге асырылады.

Медициналық қызмет көрсетілуі үшін емхананы таңдау кезінде оның өз үйіңізге аумақтық жағынан жақын орналасуын да ұмытпағаныңыз жөн. Емхананың жақын орналасуы сізге және сіздің учаскелік дәрігеріңіз үшін қолайлы. Үйге шақырған кезде ол сізге өз уақытында және сапалы қызмет көрсете алады.

Бұған қоса, әрбір өңірде сall-орталықтар жұмыс істейді, бұл жерде азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар және қажетті көмек ала алады.

Сондай-ақ оқыңыздар:  Медициналық мекемелерге бекіту 2017 жылдың қыркүйек-қазан айларында басталады

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях