text
MCFR.KZ Медицина

2018 жылдан бастап Қазақстанда денсаулықтың электрондық төлқұжаты енгізілетін болады

  • 24 октября 2017
  • 10

Денсаулықтың электрондық төлқұжаты пациент туралы дәл және толық ақпаратты жинауды есепке алумен медициналық көмек көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2018 жылдан бастап Қазақстанда денсаулықтың электрондық төлқұжаты енгізілетін боладыҚазақстан Республикасы азаматының электрондық төлқұжаты денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін ақпараттандыру мен интероперабельділігін қамтамасыз етуге арналған Платформа құрамдастарының бірі болып табылады, ол медициналық көмек көрсетудің үздіксіздігін, өзекті, дәл және толық ақпаратты автоматтандырылған жинауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі электрондық денсаулық сақтау республикалық орталығының бас директоры Олжас Әбішевтің айтуынша, денсаулықтың электрондық төлқұжаты Қазақстанда 2018 жылдан бастап кезеңдер бойынша енгізілетін және өзіне пациент туралы толық және қарама-қайшылықсыз ақпаратты қамтитын болады:

  • бұрынырақта басынан өткерген аурулар;
  • созылмалы ауруларының бар екендігі;
  • дәрілік заттарға мүмкін болатын аллергиялық жауап әрекеттері;
  • талдамаларының нәтижелері және басқалар.

Ақпарат бірыңғай репозиторийде сақталатын және медициналық қызметкерлерге олардың артықшылықтарына сәйкес қолжетімді болады. Пайдаланушылардың өз денсаулығының электрондық төлқұжатының дербес мәліметтеріне қолжетімділігі электрондық үкімет сайтындағы пациенттің жеке кабинеті арқылы ұйымдастырылатын болады.

Денсаулық сақтау министрлігі қағаз жазбалар жүргізуді  2019 жылдың қаңтарынан бастап  жоюды жоспарлап отыр және IBM және Microsoft компанияларымен Қазақстан аумағында жаңа инновациялық жобаларды енгізу туралы меморандум жасады.

Сондай-ақ оқыңыздар: Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық ғылыми орталығы құрылады

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях