text
MCFR.KZ Медицина

Енді генетикалық төлқұжаттар жасау қазақстандықтарға да қолжетімді болмақ

  • 27 октября 2017
  • 6

Генетикалық төлқұжат генетикалық деңгейдегі көптеген елеулі аурулардан сақтандыруға мүмкіндік береді.

Генетикалық деп аталатын төлқұжаттарды жасау бүкіл дүние жүзінде үлкен танымалдыққа ие болып келеді. Егер бұрынырақта әдеттегіден тыс құжат тек шетелдік клиникаларда ғана қолжетімді болса, енді оны әрбір қазақстандық ала алады.

   Қазақстан Республикасының биотехнология Ұлттық орталығында: Денсаулықты қалай сақтау керек? Спорттың қандай түрін таңдау керек? Біздің ата-бабаларымыздың қайдан екендігін қалай білеміз? тәрізді көптеген сұрақтарға санаулы сағаттарда жауап алуға мүмкіндік беретін жобаның тұсаукесері болды.

Мамандар растағандай, ең бастысы генетикалық төлқұжат көптеген елеулі аурулардан сақтандыруға мүмкіндік береді. Бұл үшін толып жатқан аппараттық зерттеулерден өтудің немесе қан тапсырудың керегі жоқ. Талдама үшін сілекейдің бірнеше тамшысы жеткілікті.

    Биотехнология Ұлттық орталығының ғылыми қызметкері Ақбота Айтқұлова буккальды жасушалардың қалай алынатынын әңгімеледі. Буккальды жасушалар – бұл жақтың ішкі жағындағы эпителийлік жасушалар, оларды алу талдама үшін жүргізіледі. Емшара қауіпсіз, ауыртпайды және жылдам. Бұдан кейін сынама зертханаға жіберіледі, бұл жерде арнаулы аппараттың көмегімен одан ДНҚ бөліп алынады. Мәліметтерді сканирлеу екі сағаттай уақытты алады. Алынған нәтижелер мамандарға жүрек-қан тамырлары аурулары, обыр мен диабет сияқты елеулі патологияларды алдын ала болжауға және сақтандыруға көмектеседі. Және де бұл маңызды – емделу үшін қажетті дәрілерді іріктеп алу.
 

   Биотехнология Ұлттық орталығының бас директоры Ерлан Раманқұловтың айтуынша, медицинаның болашағы – дербестендірілген медицинада. Яғни пациент қолындағы генетикалық мәліметтері бар медициналық картадан дәрігер оған қандай дәрілердің қажет екендігін, қандай дәрілердің қарсы көрсетілімді екендігін бірден анықтай алады.

    Гендер құпиятын ашып оқу басқа да құпиялардың шымылдығын ашады. Осылайша біздің ата-бабаларымыздың қай жердің тумасы екендігін білуге және адамның психологиялық және спорттық мүмкіндіктерін анықтауға болады. Генетикалық төлқұжат дербестендірілген және өмірде бір рет беріледі, өйткені гендер бүкіл өмір бойы өзгермейді.

Сондай-ақ оқыңыздар: 2018 жылдан бастап Қазақстанда денсаулықтың электрондық төлқұжаты енгізілетін болады

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях