text
MCFR.KZ Медицина

Міндетті медициналық сақтандырудың қаржылық тиімділігі туралы

  • 2 ноября 2017
  • 0

ҚР Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов МӘМС сақсаттары мен қаржылық тиімділігі туралы әңнімеледі.

Алматыда,  С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нде ҚР Денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың қатысуымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  (бұдан әрі – МӘМС) моделінің қаржылық тиімділігі тақырыбын қозғаған дөңгелек үстел болып өтті.  Оның айтуынша, қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық моделінің мәні қандай болуын ойлану қажет.

«Біз халықаралық тәжірибені зерделейміз және осы позицияны тұжырымдадық. Модель керек, бірақ біз өзге де мақсаттардан бөлек, медициналық қызметкерлердің жалақысын көтеру, дәрігерлер санын арттыру, дәрілік қамтамасыз ету тізбесін кеңейту үшін салаға қосымша ресурстарды тартуды қалаймыз. Көптеген бастамалар қазіргі кезде іске асырылмауда, өйткені қаржы неғұрлым шұғыл мәселелерге жұмылдырылуда. МӘМС жүйесіне адамдарды көбірек тарту қажет, бұл әсіресе ауылдық жерлер үшін өзекті. Алайда бұл жерде шешу керек. Егер бір-екі жылдан кейін МӘМС-ға қамтылмағандар саны өзгермесе, онда кепілдік берілген медициналық көмектің ең аз топтамасын Түркиядағы, Қытай мен Австриядағы, Германия, АҚШ-тағы сияқты тастаймыз. Мұндай шығындарды салық төлеушілер қаражаты есебінен көтеруге тура келеді», – деді министр.

Пікірталас барысында  Е. Біртанов министрліктің өзінен барлығы үшін, оның ішінде қателіктер үшін жауапкершілікті алып тастамайдындығын айтты.  «Біздің министрліктің стратегиясы МӘМС енгізумен шектелмейді. Қазіргі кезеңде Денсаулық сақтау министрлігі көздейтін мақсат денсаулық сақтауды дамытудың мемелекеттік бағдарламасында тұжырымдалған, ол бүкіл дүние жүзіндегі денсаулық сақтау органдарының алдына қойылып отырған мақсаттармен үйлестірілген. Бұл азаматтардың денсаулығын сақтау және нығайтуға құқықтарын қамтамасыз ету. Екі басты бағыт болды, бар және болады. Бұл аурулар профилактикасы жүйесін дамыту және қоғамдық денсаулықты нығайту, сондай-ақ халыққа әмбебап қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету. БҰҰ бұл міндеттерді бүкіл дүние жүзінің алдына қойып отыр, бүкіл халық үшін қолжетімді, қажетті медициналық қызметтер көрсету қажет. Біз қолжетімділікті қамтамасыз ететін әртүрлі модельдерді қарастырамыз, және де біздің елдің дамуындағы осы кезеңде МӘМС моделі оңтайлы болып табылады», – деп түсіндірді ведомство басшысы.

Сондай-ақ оқыңыздар: Медициналық сақтандыру Қорына жылына қанша ақша талап етіледі?

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях