text
MCFR.KZ Медицина

МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар үшін медициналық қызметтер көрсету топтамасы кеңейтілетін болады

  • 6 ноября 2017
  • 6

МӘМС енгізілген кезде, 2020 жылдан бастап ТМККК шекаралары айқын белгіленетін болады.

МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар үшін медициналық қызметтер көрсету топтамасы кеңейтілетін боладыБүгінгі күні міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесіне заңнамалық деңгейде бірқатар өзгерістер енгізу ұсынылуда. Бастыларының бірі – халыққа ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету  –  2020 жылға кейінге қалдырылды.

    Мемлекет Басшысы қыркүйек айының басында Парламенттің ІІІ сессиясының ашылуында бұл реформаны іске асырудағы елеулі тәуекелдердің бірі ретінде сақтандыру жүйесінен «өзін-өзі қамтығандардың» «түсіп қалу» ықтималдығын атағандығын және Үкіметті МӘМС жүйесін енгізуге асықпауға шақырғанын еске саламыз. Президент сақтандыру медицинасына халықтың барлық санаттарының әділетті қатысуының проблемалық мәселелерін шешуді тапсырды.

   ҚММУ проректоры,  профессор Бақыт Көшерованың айтуынша, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік мкедициналық сақтандыру денсаулық сақтауды қаржыландырудың неғұрлым кең тараған тәсіліне айналды. Бүгінгі күні ол Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше 35 елдің 19-ында енгізілді. Бұл ретте елдерде бірыңғай сақтандыру қорын жасаудың айқын үрдісі байқалуда, оны басқару мемлекеттің бақылауында болады.  2010 жылы Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – БДҰ) бірыңғай сақтандыру қорларын құруды денсаулық сақтауды қаржыландырудың неғұрлым орнықты моделі деп таныды.

      БЛҰ мәліметтері бойынша, МӘМС жүйесін бірыңғай сақтандыру қорының негізінде  енгізу денсаулық сақтауды дамытуға қосымша ресурстарды тартуға және медициналық көмек сапасын жақсартуға, мүмкіндік береді, бұл ретте бюджеттік шығындардың бұдан әрі өсуін кідіртуге, сондай-ақ халықтың «қалталық» шығындарын төмендетуге  мүмкіндік береді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына (бұдан әрі – ӘМСҚ) төлемдер жасау кезеңі басталуының алғашқы 3 айында келіп түскен қаражаттың жоғары серпіні төлеушілердің МӘМС жүйесіне қатысуға дайын екендігін көрсетті.

         ӘМСҚ мәліметтері бойынша,  2017 жылдың 27 қазанында келіп түскен қаражат  17,3 млрд теңгені құрады. Өтпелі кезең ішінде қажетті қаржылық резервтерді және сақтандырылғандар үшін медициналық қызметтер көрсетудің кеңейтілген топтамасын ұсыну мүмкіндіктерін жасау үшін  медициналық сақтандыру Қорына жұмыс берушілердің аударымдарын жинауды сақтау ұсынылады.

         «2018–2019 жылдар ішінде азаматтардың барлық санаттарына медициналық қызметтер көрсету бұрынғыша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) топтамасының шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Ал МӘМС енгізілетін 2020 жылдан бастап ТМККК шекаралары айқын белгіленетін болады. Медициналық қызметтер түрлері ӘМСҚ арқылы көрсетілетін болады, және оған қатысушылар қызметтер көрсетудің кеңейтілген топтамасын алады, ал кімде-кім сақтандырылмаса – ТМККК-нің резервтік тізбесін алады», – деп түсіндірді профессор.

Сондай-ақ оқыңыздар:

МӘМС жүйесіндегі көрсетілетін қызметтердің 40%-ға жуығы профилактикалық қызметтер болады

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях