text
MCFR.KZ Медицина

Жұмыскерлердің медициналық анықтамаларының жарамдылығы тексерілетін болады

  • 6 ноября 2017
  • 6

Астана қаласының жұмыс берушілері «Смарт-медицина» жүйесінің арқасында өз жұмыскерлерінің медициналық анықтамаларының жарамдылығын тексере алады.

Жұмыскерлердің медициналық анықтамаларының жарамдылығы тексерілетін боладыАстана қаласы медиаорталығының хабарламасы бойынша,  «Смарт-медицина» электрондық ақпараттық базасы іске қосылғаннан кейін  Астана қаласының жұмыс берушілері жұмыскерлер денсаулығының жай-күйі туралы медициналық анықтамалардың жарамдылығын тексере алатын болды.

Астаналық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров электрондық ақпараттық база енгізілген мәліметтердің бәрін сақтайтынын хабарлады. Қандай да бір анықтама алу үшін адам денсаулық сақтау мекемесіне жүгінеді. Осыған сәйкес, дәрігерге жолдама ала отырып, азамат «із қалдырады», пациентті сәйкестендіруші оның жеке сәйкестендіру нөмірі немесе ЖСН болып табылады.

Сондықтан кез келген жұмыс беруші  «Смарт-медицина» бірыңғай электрондық ақпараттық базасына кіре отырып, берілген анықтаманың жарамды-жарамды емес екендігін тексере алады.

 «Смарт-медицина» жобасы  Астанада 2018 жылдың соңына дейін іске асырылатындығы жоспарлануда. Жоба бірыңғай ақпараттық база жасауға мүмкіндік береді, онда пациенттердің медициналық көрсетілімдері болатын болады. Бұл өз кезегінде, дәрігерлердің қағаз жұмыстарын  30 %-ға төмендетеді деп күтілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар:

ҚР авиамедиктерді жалған анықтамалары үшін үлкен айыппұлдар күтіп тұр

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях