text
MCFR.KZ Медицина

Қазақстанда ядролық медицинаның дамуы

  • 9 ноября 2017
  • 19

Қазақстандық дәрігерлер диагностика мен терапиядағы жаңа технологияларға – ядролық медицинаға қол жеткізді.

Қазақстанда ядролық медицинаның дамуыАстанадағы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында жапон мамандарымен ынтымақтастық жасау жөніндегі меморандумға қол қойылды.  

Бүкіл әлемде өмір сүру ұзақтығы жыл сайын артып келеді және адамдардың сырқаттары күрделі бола түсуде. Дәрігерлер жасына қарамастан адамның толыққанды өмір сүруіне кедергі келтіретін ауруларды дер кезінде анықтау және емдеу мәселелеріне алаңдаушылық танытып отыр. Бүгінде қазақстандық дәрігерлер диагностика мен терапиядағы жаңа технологияларға қол жеткізді, бұл – біздің елімізде енді ғана дами бастаған жаңа бағыт – ядролық медицина.

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының Радиология және ядролық медицина орталығының жетекшісі Айгүл Сәдуақасованың айтуынша, ядролық медицина жасушалық деңгейде көрсетеді. Бұл оның басқа барлық зерттеу әдістерінен айрықша ерекшелігі болып табылады. Дәл осы радиофармацевтикалық препараттардың көмегімен метаболизмдік бұзушылықтар деңгейіндегі патологиялық өзгерістерді көруге болады. Сәулелік диагностика әдістерінің бірде-бірі радиоизотопты зерттеу сияқты деңгейді бере алмайды. Сондықтан  өзгерістерді жасушалық деңгейде көруге болады.

Ядролық медицина екі салаға – диагностикалық және емдік салаға бөлінеді. Диагностикалық жоспарда Қазақстандағы ядролық медицина әзірше тек екі технологияны орналастырды: позитронды-эмиссиялық томография мен бір фотондық-эмиссиялық томография. Және бір ғана радиофармпрепарат бар, бұл – фторглюкоза. Терапевтік бағыттағы ядролық медицина алғашқы қадамдарын енді ғана жасауда. Сондықтан Жапониямен ынтымақтастық диагностикалық бөлімді ғана дамытып қоймай,  терапевтік бөлімді де дамытады, мұның өзі онкологиялық тәжірибеде пайдалы болмақ. Алайда  ядролық медицина – бұл онкология ғана емес, кардиология мен неврологиядағы да зерттеу саласы, бұл салада қазақстандықтардың әзірше тәжірибесі жоқ.

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы осы бағытты дамытуға арналған техникалық және адами ресурстарға ие. Мұнда Радиология және ядролық медицина орталығы жұмыс істейді, оған еліміздің барлық өңірлері мен шетелдерден де емделушілер келеді. ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының жапондық СТС корпорациясымен жасасқан меморандумы қазақстандық дәрігерлерге маманданудың жаңа деңгейіне шығуға және емделушілер үшін бұдан да пайдалы бола түсуге мүмкіндік береді.  

Chiyoda Technol Corporation (CTC, Жапония) компаниясының өкілі Хироши Кавамураның айтуынша, арнайы құрылғылар медицина қызметкерлері мен емделушілерді ядролық медицина бойынша ем-шара жүргізу кезінде артық сәулелену мөлшерінен туындайтын қауіп-қатерден сақтайды. Осыған байланысты жапондық әріптестер қазақстандық дәрігерлерді Жапонияның ірі жоғары оқу орындары жанындағы ядролық медицинаны пайдалану саласында оқытудан өтуге шақырып отыр.

Сондай-ақ оқитындарыңыз: Қазақстанда "Денсаулыққа жағдай жасайтын мектеп" жобасы іске қосылды

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях