text
MCFR.KZ Медицина

Инфаркт және инсультпен күрес жөніндегі әлеуметтік жобалар

  • 10 ноября 2017
  • 7

«Берингер Ингельхайм» компаниясы инфаркт пен инсульт кезінде ауыр асқынулардың алдын алуға және көмек көрсетуге бағытталған жаңа әлеуметтік жобалардың іске қосылғаны туралы хабарлады.

Инфаркт және инсультпен күрес жөніндегі әлеуметтік жобаларҚазақстандағы «Берингер Ингельхайм»  филиалының бас директоры Тайфун Меричтің айтуынша, «Инсульттің белгілерін әр адам білуге тиіс» және «Алыс аудандарда миокард инфарктімен ауыратындарға госпитальға дейінгі көмек көрсету» әлеуметтік жобалары инсульт және миокард инфарктімен күресте көмек көрсетуге бағытталған және мыңдаған адамдардың өмірін құтқарады. Дер кезінде медициналық көмек көрсету және профилактикалық шараларды кеңінен қолдану 10 инсульттің 8-інің алдын алуға мүмкіндік береді.

 «Инсульттің белгілерін әр адам білуге тиіс» жобасы бойынша инсульттің ерте белгілері туралы халықтың хабардар болуын арттыру жоспарланып отыр. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Инсультпен күрес жөніндегі республикалық үйлестіру орталығымен бірге жастар және егде жастағы адамдардағы инсульттің ерте байқалатын белгілері көрнекі түрде сипатталған екі бейнеролик әзірленді. Роликтер емдеу мекемелері, ХҚКО, вокзалдар, автовокзалдар, әуежай, телевидение сияқты қоғамдық орындарда таратылатын болады.

 «Алыс аудандарда миокард инфарктімен ауыратындарға госпитальға дейінгі көмек көрсету» жобасы аясында фельдшерлік-дәрігерлік бригадаларды базалық реанимация, кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы, педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы дағдыларына оқыту, жарақат алу кезінде, қанқатпа ерітуші терапияда госпитальға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету мақсатында аудандарға шығу үшін сертификатталған жаттықтырушылардан тұратын «жедел әрекетті бригадалар» ұйымдастырылды.

Анықтама үшін. Қазақстанда орта есеппен жыл сайын 49 мыңға жуық инсульт тіркеледі, аурулардың жартысына дерлігі бірінші жылы қайтыс болады, қалғандары мүгедек болып қалады және арнайы күтімді қажет етеді, емделушілердің азғантай пайызы ғана өз бетімен өмір сүру жағдайына оралады.

Сондай-ақ оқитындарыңыз: Енді генетикалық төлқұжаттар жасау қазақстандықтарға да қолжетімді болмақ

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях