text
MCFR.KZ Медицина

Денсаулық сақтауды цифрландыру және жасанды зиятты енгізу

  • 20 ноября 2017
  • 22

Денсаулық сақтауды цифрландырудың жол картасы әзірленді. Меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде денсаулық сақтауда жасанды зият енгізу жоспарлануда.

    ҚР Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысының барысында денсаулық сақтауды цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы хабардар етті.

    Мысалы, денсаулық сақтауды цифрландыру бойынша  2017–2018 жылдарға арналған жол картасы әзірленді. Жоспарда жыл соңына дейін денсаулықтың электрондық төлқұжаттарымен Бірыңғай интеграциялық платформаны қанатқақты енгізуді жүзеге асыру бар.

     Бұған қоса, Денсаулық сақтау министрлігі IBM компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл  меморандумның шеңберінде денсаулық сақтауда жасанды зиятты  (Watson for oncology) қанатқақты енгізу жоспарланған, көрсетілген жобаны енгізу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу жүргізілуде.

    Сондай-ақ ЮНИСЕФ-пен бірге   «Патронаждық медбике және ерте жастағы балаларға күтім жасау» ұтқыр қосымшасы әзірленуде, оны іске қосуды жүзеге асыру осы жылдың желтоқсанына жоспарлануда.

   Келесі жылы республикалық деңгейдегі бірқатар ұйымдарда, сондай-ақ Қазақстанның төрт өңірінде электрондық денсаулық сақтау жүйесі қанатқақты режимде іске қосылады. Медициналық ұйымдар құжаттама жүргізу жұмысының электрондық форматына 2019 жылдың қаңтарынан бастап түпкілікті көшеді деп күтілуде.

Сондай оқыңыздар:

Енді генетикалық төлқұжаттар жасау қазақстандықтарға да қолжетімді болмақ

2018 жылдан бастап Қазақстанда денсаулықтың электрондық төлқұжаты енгізілетін болады

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях