text
MCFR.KZ Медицина

Дәрілер мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша тендерлік комиссия құрамына өзгерістер енгізілді

  • 28 ноября 2017
  • 4

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі дәрілер мен медициналық бұйымдарды сатып алулардың қарсаңында тендерлік комиссияны күшейтті.

Дәрілер мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша тендерлік комиссия құрамына өзгерістер енгізілдіДенсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тапсырмасы бойынша ел халқын 2018 жылы тегін дәрілік қамтамасыз ету үшін дәрілер мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша тендерлік комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді.

    Рәсімдердің барынша мөлдірлігі мен транспаренттілікті қамтамасыз ету және тендерлік комиссия мүшелерінің оның төрағасына лауазымдық бағыныштылығын болдырмау үшін енді бірыңғай дистрибьютор орын алып келген уақыт ішінде комиссия құрамына бірінші рет Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова, Фармация комитеті және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің қызметкерлері кірді.

 Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру мен жүргізуді реттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1729 қаулысына сәйкес, бірыңғай  дистрибьютордың тендерлік комиссиясын  «СК-Фармация» басшысы, басқарма төрағасының м.а. Әсемгүл Ержанова басқарады. Бұл ретте 8 қарашадағы бұйрықпен тендер комиссиясы төрайымының орынбасары болып Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова тағайындалды.

    Тендер өткізудің жариялылығы мен мөлдірлігін қамтамасыз ету мақсатымен тендерлік рәсімдерді бақылаушылар құрамы кеңейтілді, олар бірыңғай дистрибьютор тендерлік комиссиясының барлық отырыстарына қатысатын болады. Енді бейіндік қауымдастықтар мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті медициналық басқармасының өкілдерінен бөлек, бақылаушылар қатарына сондай-ақ «Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника сараптамасының Ұлттық орталығы» бас директорының бірінші орынбасары Арнұр Нұртаев кірді.  Тендердің сараптамалық комиссиясының құрамы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің қызметкерлеімен күшейтіледі.

    Бірыңғай дистрибьютордың тендерлік комиссиясы құрамындағы өзгерістер 8 қарашадағы бұйрықпен бекітілді. Бұл іс-шаралардың бәрін тендерлік рәсімдердің мөлдірлігі мен жариялылығын, барынша транспаренттілігін қамтамасыз ету үшін Денсаулық сақтау министрлігі «СК-Фармациямен» бірлесе отырып, қабылдауда.

Сондай-ақ оқыңыздар: 

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрілердің бағаларын мемлекет реттейтін болады

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях