text
MCFR.KZ Медицина

Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету стандарты

  • 22 мая 2018
  • 6

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі осы жылғы мамыр айының ортасында жүкті, босанатын, сондай-ақ жүктіліктен тыс әйелдерге Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекітті.

Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету стандартыМедициналық көмек жүкті, босанатын, босанған және жүктіліктен тыс барлық жас топтарындағы әйелдерге денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдарында тегін

Жүкті, босанатын, босанған әйелдерді және гинекологиялық науқастарды ТМККК шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ҚР Денсаулық сақтау министрі бекіткен дәрілік формулярлар негізінде қамтамасыз етіледі.

Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметінің негізгі бағыттары:

- әйелдерге жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңде дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялы көрсетілетін медициналық қызметтерді, сондай-ақ гинекологиялық көмек көрсету;

- медициналық көмектің қолжетімділігін және медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ететін іс-шараларды жүргізу;

- балалы болатын жастағы әйелдерге отбасын жоспарлау бойынша қызметтерді ұсыну.

Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

- амбулаториялық-емханалық көмек (тәулік бойы бақылау және емдеу көзделмейтін жағдайларда): алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) және консультациялық-диагностикалық көмек (КДК);

- стационарды алмастыратын көмек (тәулік бойы медициналық бақылау және емдеуді талап етпейтін медициналық бақылау және емдеуді көздейтін жағдайларда);

- стационарлық көмек (тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеуді қамтамасыз ету жағдайларда);

- жедел медициналық көмек;

- санитариялық авиация.

Жүкті, босанатын, босанған және барлық жас топтарының гинекологиялық науқастарына акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссиясы бекіткен диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес жүргізіледі.

Көрсетілгендей зорлық-зомбылық және дене жарақаттарының фактілері анықталған кезде емдеу-профилактикалық көмек көрсетіледі және медициналық оңалту жүргізіледі. Бұл ретте жәбірленушілердің жүгіну фактілері туралы ішкі істер органдарына хабарланады.

Сондай-ақ оқыңыз:

Медициналық ұйымда бизнес-процестерді тиімді басқару

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях