text
MCFR.KZ Медицина

Электрондық денсаулық паспорты

  • 29 мая 2018
  • 0

2018 жылдың басынан бастап, Қазақстанда азамат денсаулығының электрондық паспортын тестілік режимде енгізу бойынша бағдарлама іске қосылды. Құжатта пациент туралы, оның қабылдап жатқан дәрі-дәрмектері мен созылмалы аурулары, аллергиялық реакциялары мен т. б. туралы ақпарат болады. Халық электрондық денсаулық паспортына толығымен келесі жылы өтеді.

Электрондық денсаулық паспортыҚазақстан Республикасы азаматының денсаулық паспорты медициналық көмек көрсетудің үздіксіздігін, пациент туралы автоматтандырылған өзекті, толық ақпарат жинауды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін денсаулық сақтауды ақпараттандыру бағдарламасына кіреді.

Құжатта пациент туралы, оның өз зерттеулерінің деректерін жүйеге енгізетін учаскелік дәрігер мен басқа да мамандарға баруы туралы барлық ақпарат болады. Пациенттің денсаулық паспортына енгізілетін ақпарат:

– пациентке қызмет көрсететін медициналық ұйымдар мен медициналық жұмыскерлердің деректері;
– өмір сүрудің негізгі көрсеткіштері, антропометриялық деректер;
– диагностикалық зерттеулердің нәтижелері; иммунопрофилактиканы қоса алғандағы профилактикалық іс-шаралар;
– денсаулықтағы ағымдағы проблемалар тізімі; амбулаторлық қатынау мен оған байланысты клиникалық деректер; стационарлық көмек көрсету туралы мәліметтер;
– пациенттің жиынтық деректері;
– қазіргі таңда қабылданып жатқан дәрілік құралдар тізімі;
– жағымсыз дәрі-дәрмектік және аллергиялықты қоса алғанда өзге де реакциялар тізбесі.

Пациент туралы медициналық және әкімшілік деректердің оны Электрондық денсаулық паспортында жинақтау (ЭДП) медициналық жұмыскерлерге диагноз қою және дәрі тағайындау, сондай-ақ медициналық көмек көрсетуді үйлестіруге қатысты дұрыс клиникалық шешім қабылдау үшін толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Пациент те өз денсаулығы туралы мәліметтерді қарай алады, өз өлшемдерінің нәтижелерін енгізіп, дәрігерлердің ұсынымдары мен еске салуларын ала алады. Бұдан өзге басқару органдары денсаулық сақтаудың қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру үшін қажетті көрсетілетін медициналық көмек туралы дұрыс ақпарат алады.

Пациент денсаулығының жағдайы туралы ақпаратты ЭДП-ға жинақтау, енгізу және қолдауды медициналық ақпараттық жүйелер мен медициналық жұмыскерлер тікелей ЭДП-да жүргізеді. Қай жағдайда болмасын электрондық паспортқа енгізілген ақпараттың сапасы мен толықтығына медицина мамандары толық жауап береді.

Электрондық денсаулық паспортына кіруге рұқсатты өкілеттігі болған жағдайда тек авторланған қолданушыларға беру жоспарланып отыр. Бұл өкілеттікті қолдан немесе автоматты түрде беруге болады.

Денсаулық сақтаудың интеграцияланған платформасын әзірлеуге 17,8 млн доллар көзделген. Бүгінгі күні қаржының бір бөлігі Oracle және Ericsson Nikola Tesla қоса алғанда берілген бағдарламалық қамсыздандыру лицензиясының құнына жаратылды. Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылғы қаңтардан бастап қағаз жазбалар жүргізуді болдырмауды жоспарлап отыр, бұл үшін IBM және Microsoft компанияларымен Қазақстан аумағында жаңа инновациялық жобаларды енгізу жөніндегі меморандум жасалған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз:

ҚР-нда БМСК-тің Ұлттық ғылыми практикалық орталығы құрылатын болады

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях