text
MCFR.KZ Медицина

Денсаулық күзетіндегі цифрлық жүйелер

  • 29 мая 2018
  • 1

Бүгінгі күнгі ҚР денсаулық сақтау жүйесінің цифрландыру уақыты адам денсаулығының экожүйесіне негізделген. Оның төрт сегменті бар: сауығу мен профилактика, ауруларды ерте анықтау, медициналық көмек көрсету және аурулармен мен оңалтуды басқару.

Денсаулық күзетіндегі цифрлық жүйелерҚазақстанның Денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың сөзімен айтсақ: бүгінгі таңдағы денсаулық – бұл цифрлық технологияларды оның барлық сегменттерінде қолдану. Ең алдымен, бұл мобильді қосымшалар, арнайы сайттар және т. б. Медициналық көмек қызметінің жұмысын жақсартуға септігін тигізетін цифрлық медициналық жүйелер. Олар халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған.

Қазіргі таңда Қазақстан біртіндеп Қазақстанның 8 облысында бірізденген қағазсыз денсаулық сақтауға көшуде. Құжаттардың 120 қағаз нысаны цифрландырылды. 2019 жылға дейін барлық аймақтар толықтай қағазсыз денсаулық сақтауға көшірілуі тиіс.

Сондай-ақ Қазақстанда онкологиядағы жасанды интеллект «Watson for Oncology» енгізіліп жатыр. Бұл бағдарлама емдеудің жеке әдістерін таңдайды, онкологиялық сараптамаға рұқсатты масштабтайды және 300-ге жуық медициналық ғылыми журналдардың деректерін, 200-ге жуық оқулық пен 15 млн параққа жуық мәтінді өңдей отырып, ірі көлемді медициналық әдебиеттерді талдайды.

Тағы бір жоба қазақстандық ғалымдардың қатысуымен Қазақстан-Британ техникалық университетінің базасында машиналық оқыту жөніндегі шешімдерді енгізу болып табылады. Жобаның мақсаты – машиналық оқыту әдістерін пайдалана отырып, денсаулық сақтау жүйесінің деректерін өңдеудің әдістер мен платформаларын әзірлеу.

Сондай-ақ оқыңыз:

2018 жылдан бастап Қазақстанда ауруларды басқару Бағдарламасы енгізіледі

Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях