Руководитель медицинской организации

Сауықтыруға берілетін жәрдемақы салық салу объектісі ретінде

15 августа 2016
31
Средний балл: 0 из 5

Вопрос

Сауықтыру үшін берілетін жәрдемақы МЗЖ, ЖТС, әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдарды   есептеу объектісі болып табыла ма?

Ответ

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің  (06.04.2016 берілген өзерістер мен толықтыруларымен) (бұдан әрі  – ҚР ЕК) 139-бабының 10-тармағына сәйкес, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.

Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» (08.04.2016 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) кодексінің (бұдан әріСалық  кодексі) 155-бабы, 1-тармағына сәйкес, жеке тұлғаның:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстар;

2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары жеке табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.

Салық кодексінің 155-бабы, 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (10.12.2015 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)  6-тармағының 1-тармақшасына сәйкес,  бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары Салық кодексі 155-бабының 2) және 3) тармақшаларда белгіленгенді (жоғалтылған жалақы (табыс) бөлігінде) қоспағанда, 3-тармағында  көрсетілген төлемдер мен табыстардан ұсталмайды.

Әлеуметтік салық салу объектілері:

–  жұмыс берушінің қызметкерлер-резиденттерге  ақшалай немесе табиғи нысандағы табыстар түрінде төлейтін шығындары;

– жұмыс берушінің материалдық, әлеуметтік игіліктер және өзге материалдық пайда түрінде ұсынатын  табыстар болып табылады (Салық кодексінің 357-бабы).

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, жеке тұлғаның табыстарынан  салық агентімен міндетті зейнетақылық жарналар ұсталмайды және әлеуметтік аударымдар есептелмейді. Сауықтыруға берілетін ақша қаражаты МЗЖ, ЖТС, әлеуметтік салық есептеу үшін объекті болып табылмайды және одан әлеуметтік аударымдар  жасалмайды.

Дереккөз: www.med.mcfr.kz

Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ ВОЙТИ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться

Дорогой коллега,                  
заберите Ваш подарок!             

Доступ к журналу                  
«Руководитель медицинской организации»