Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

img-0

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам Справочник «Все СОПы»!

напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверная почта или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
ИЛИ ВОЙТИ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться
×
Лучшие статьи из системы
«Actualis: Медицина»:
► Как медработнику пройти оценку знаний и навыков по новым требованиям
► Как медработнику подтвердить или получить очередную категорию по новым требованиям
► Как составить должностную инструкцию медсестры на основе профстандарта
Активировать доступ
×

med.mcfr.kz - с заботой о медработниках

Дарим подарки за регистрацию!

Пройдите регистрацию и получите доступ к системе Actualis:Медицина

Преимущества Actualis

  • Рекомендации и современные алгоритмы лечения
  • Актуальные НПА и разбор законодательств
  • Более 500 шаблонов готовых к использованию
Пройти регистрацию

Система Actualis
-

Медициналық аспаптарды өңдеу кезінде суды дайындау

22 января 2016
934
Средний балл: 0 из 5
эксперт ЭС “ACTUALIS“, автор журнала “Старшая медицинская сестра”, руководитель направления промышленного оборудования Miele, г. Алматы

Су аспаптарға күтім жасаудың барлық сатыларында – жуу, залалсыздандыру, сондай-ақ бұдан кейінгі стерильдендіруде пайдаланылады. Оның сапасына аспаптың сақталуы тікелей байланысты.

Емдеу мекемелерінде медициналық аспаптарды дайындауға байланысты үрдістердің барлығында су басты нәрсе ретінде қаралады. Онда пайдаланылған аспапты жуып-шаю жүзеге асырылатын механикалық әсер ету мен ерітіндінің температурасы сияқты физикалық үдерістерден бөлек нәтижеге пайдаланылған химиялық заттар мен экспозиция уақыты да әсер етеді. Бұл үдерістер Зиннер шеңбері деп аталатын шеңбермен сипатталады, ол сумен байланысты барлық үдерістерді шеңберлік диаграммалармен бейнелейді .

Алайда, елдің әртүрлі өңірлерінде су өткізу құбырларымен химиялық құрамы әртүрлі су келіп түсетінін ұмытуға болмайды және бұл аспапты дайындау барысында химиялық үдерістерге әсер етпей қоймайды, сондықтан емдеу мекемелерінде аспаптарды өңдеу кезінде суды дайындау қажет.

Су өңдеу үдерісінде әртүрлі функциялар орындайды, мысалы:

  • жуушы заттар мен өзге де технологиялық химикаттар үшін еріткіш болып табылады;
  • аспап бетіне механикалық әсер ету мен температураға шыдас береді;
  • судағы ерітілетін ластануларды ерітеді;
  • смывает технологиялық химикаттарды шайып әкетеді;
  • машиналық өңдеу кезінде жылулық залалсыздандыруды орындайды;
  • булық стерильдендіру кезінде пайдаланылады.

Су сапасының нашарлығы өңдеу әдісіне де, сондай-ақ аспаптардың сыртқы түрі мен материалына да кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан сантехникалық жабдықтарды жобалау кезеңінің өзінде судың талап етілетін сапасын керекті мөлшерде қамтамасыз ету қажет.

Судың құрамындағы заттар және олардың өңдеу кезіндегі әсері

Кез келген табиғи судың құрамында тұздар бар. Ауызсудың құрамындағы заттардың құрамы мен мөлшері судың шығу тегі мен оны алу тәсілімен ерекшеленеді. Ал судың құрамындағы заттар бірқатар проблемалардың себебіне айналуы мүмкін (1кесте).

1 кесте

Қоспалары бар суды пайдаланудың тәуекелдері

Су құрамына кіретін заттар

Қоспалары бар суды пайдаланудың салдарлары

Кермектік тұздары (кальций мен магний тұздары)

Кальций мен магний гидрокарбонатының есебінен өңез бен қақтың түзілуі

Ауыр және түсті металдар (марганец, темір, мыс)

Қызғылт-қоңыр түсті өңездің түзілуі

Силикаттар, кремний қышқылы

Жылтырақ үлгісіндегі жұқа қалыңдықтағы түрлі-түсті беттік қабаттар

Хлоридтер

Жаралық коррозия

Құрғақ қалдық

Дақтар мен өңез

Ауызсуда табиғи қоспаларға қосымша кейде таттар да болады. Ол суға әдетте, таттанған құбыржолдардан келіп түседі. Аспаптарды өңдеу кезінде тат олардың беттеріне шөгеді, дақ түзеді және екіншілік коррозияны туындатады.

Кермектік тұздары

Кермектік тұздары судың кермектігі мен температурасына қарай кетірілуі қиын өңездің (қақтың) түзілуіне әкелуі мүмкін. Белгілі бір жағдайларда өңез қабатының астында коррозия үдерісі басталуы мүмкін.

Ауыр және түсті металдар

Суда ауыр және түсті металдардың, сондай-ақ олардың тіпті аз мөлшердегі қосылыстарының болуы түрлі-түсті өңездің пайда болу себебіне айналуы мүмкін.

Силикаттар

Кремний қышқылы мен силикаттар тіпті болмашы мөлшерлерінде де аспап беті реңін сары-алтын түсінен көкшіл түске дейін өзгертеді.

Хлоридтер

Суда еріген хлоридтер ерекше қауіпті, олар жоғары мөлшерлерінде мысалы, жаралық коррозияны, оның ішінде таттанбайтын болаттан жасалған аспаптарда жаралық коррозияны туындатуы мүмкін (2 сурет).

Жалпы жағдайларда хлоридтердің әсер етуінен жаралық коррозияның түзілу ықтималдылығы:

  • хлор мөлшері артқан кезде;
  • температура көтерілген кезде;
  • рН мәні төмендегенде;
  • әсер ету уақыты артқанда;
  • аспап жеткіліксіз кептірілген кезде;
  • кебу шамасына қарай концентрациясының артуы кезінде өсе түседі.

Судағы хлорид мөлшері мен жаралық коррозияның арасындағы себептік өзара байланыс көпшілік жағдайларда болжамдалмайды. Тәжірибе бөлме температурасы мен хлоридтер мөлшері 120 мг/л-ге дейін болған кезде (200 мг/л хлорлы натрийге = NaCl сәйкес келеді) жаралық коррозияның ықтималдылығы мардымсыз болатындығын көрсетеді. Хлоридтер мөлшерінің өсуімен жаралық коррозияның ықтималдылығы да шұғыл өседі.

Құрғақ қалдық

Су буланған кезде оның құрамындағы заттар көзге көрінетін минералдық шөгінді ретінде қалуы мүмкін. Бұл дақтардың және/немесе коррозияның түзілу себебіне айналуы мүмкін.

Қоспалары болған жағдайда табиғи ауызсуды өңдеудің барлық кезеңдеріне бірдей пайдаланбау ұсынылады. Қолданылуына қарай ауызсуды жұмсарту немесе тұзсыздандыру қажет.

Жұмсарту

Жұмсарту кезінде судың құрамындағы кальций және магний (кермектік тұздары) катиондарының орнын натрий иондары басады. Мұның нәтижесінде, алайда, судағы қоспалардың құрамы (құрғақ қалдық) төмендемейді. Бастапқы судың температурасы, уақыты мен карбонатты кермектігіне байланысты жұмсартылған судың сілтілігі натрий карбонаты түзілуінің есебінен елеулі өсуі мүмкін.

Минералсыздандыру

Минералсыздандырудың алдында ауызсудан барынша көп мөлшерде барлық минералдық қоспаларды кетіру қажет. Бұл үшін кері осмос технологиясы, сондай-ақ катиониттер мен аниоттар, оның ішінде олардың үйлестірілуі, ерекше жағдайларда сондай-ақ дистильдендіру де пайдаланылады.

Су сапасына қойылатын талаптар

Өңдеу кезеңдеріне қарай су сапасына ерекше талаптар қойылуы мүмкін (2 кесте).

2 кесте

Су сапасының салыстырмалы мысалы

Ауызсу

Жұмсартылған су

Минералсыздандырылған су

Құрғақ қалдық (млн үлесінде)

500

530

5

Электрөткізгіштігі (мкСм/см)

650

700

3

Жалпы кермектігі (d)

14

<0,1

<0,1

Натрий тұздары (мг/л)

20

160

<1

Хлоридтер (мг/л)

40

40

<1

Силикаттар (SiO2-нің млн үлесінде)

12

12

<0,1

 рН мәні

6,7

8

5,5

Жұмсартылған су

Аспаптарды машиналық өңдеу тәжірибесінен шыға отырып, мынадай бағдарлаушы мәндер ұсынылады:

жалпы кермектік: <3 d (<0,5 ммоль СаО/л);

тұздардың жалпы құрамы: <500 мг/л;

хлоридтердің құрамы: <100 мг/л;

рН мәні: 5–8.

Назар аударыңыз! Жұмсартылған суды пайдалану, әсіресе жылулық залалсыздандыру кезінде қорытынды шайып-жуу кезеңінде рН мәнінің жоғарылығы себепті анодталған алюминий беттердің зақымдануы мүмкін.

Минералсыздандырылған су

EN 285 и ISO 17665-ке сәйкес бумен стерильдендіру үшін ауызсу сапасына қойылатын шектік талаптар сақталуы тиіс (3 кесте).

3 кесте

Бу өндіргіші үшін қоректік ортадағы ластанулар

Зат/параметрлер

Қоректендіру суы

Құрғақ қалдық

£ 10 мг/л

Силикаттар (SiO2)

£ 1 мг/л

Темір

£ 0,2 мг/л

Кадмий

£ 0,005 мг/л

Қорғасын

£ 0,05 мг/л

Тұнбадағы темір, кадмий мен қорғасыннан басқа ауыр металдар

£ 0,1 мг/л

Хлоридтер (СІ)

£ 2 мг/л

Фосфаттар (Р2 О5)

£ 0,5 мг/л

Өткізгіштігі (250С кезінде)*

£ 5 мкСМ/см

рН (қышқылдық) мәні

от 5 до 7,5

Сыртқы түрі

түссіз, тұнбасыз мөлдір

Кермектігі S (сілтілік-жер иондары)

£ 0,02 ммоль/л

*Сақталуын талдаушылық әдістердің көмегімен бақылаған жөн.

Дереккөз: DIN EN 285 (+A2), 2009 ж. басылым. Бұл кестеден айырмашылығы, тәжірибеге орай, жол берілетін өткізгіштік 15 мкС/см шамасында болып табылады.

*Сақталуын талдаушылық әдістердің көмегімен бақылаған жөн.

Дереккөз: DIN EN 285 (+A2), 2009 ж. басылым. Бұл кестеден айырмашылығы, тәжірибеге орай, жол берілетін өткізгіштік 15 мкС/см шамасында болып табылады.

Машиналық немесе қолмен өңдеу кезінде минералсыздандырылған су үшін нормативтер жоқ болғандықтан, медициналық бұйымдарды өңдеу үшін EN 285 стандарты, В қосымшасына сәйкес қайнатылған суды қолдану ұсынылады.

 Қолдануға нұсқаулар:

Минералсыздандырылған суды қорытынды шайып-жуу үшін мынадай себептер бойынша пайдалану ұсынылады:

  1. дақтар түзбейді;
  2. коррозиялық қоспалардың, мысалы хлоридтердің құрамы артпайды;
  3. стерильдендірудің келесі үдерісіне кері әсер етуі мүмкін құрғақ кристаллдық тұнба түзілмейді;
  4. анодталған алюминий беттерді қорғау және тұрақтандыру.

Егерде минералсыздандыру үшін ионалмастырғыштар пайдаланылса, онда жылтырақ үлгідегі өңез түзілуімен кремний қышқылының көшірілуі мүмкін (3 сурет). Сәйкестендіру үшін электрөткізгіштікті өлшеу жолымен минаралсыздандырылған су сапасын бақылау жеткіліксіз, өйткені кремний қышқылы суға өткізгіштік бермейді.

Іс-тәжірибе электрөткізгіштік тіпті <1 мкСм/см болған кездің өзінде кремний қышқылының көшірілуі мүмкін екендігін көрсетеді. Бұл қауіптілікті барынша азайту үшін, іс-тәжірибеде өзін жақсы көрсеткен аралас қабаттың екі ионалмастырғышын біртіндеп қосуды қолдануға болады. Кері осмос орнатылғаннан кейін мұндай біртіндеп қосу құрамында кремний қышқылы болмайтын, минералсыздандырылған суды алуды оңтайландырады.

Медициналық мақсаттағы аспаптарды дайындау мәселесінде ұсақ-түйектер болмайды дейтін постулат айқын болып қалады. Факторлардың әрқайсысы: аспаптарды өңдеу барысында қолданылатын химиялық заттар, ерітінді температурасы, экспозиция уақыты, механикалық әсер ету дәрежесі мен су сапасынәтижеге пәрменді, ал кейде анықтаушы әсер етеді.

logo

Дорогой коллега, узнайте важные изменения с системой
«Actualis: Медицина»

► Кодекс корпоративной этики ГКП на ПХВ
АКТИВИРОВАТЬ ДОСТУП