-
-
-

+7 (747) 094-29-09; Мы в WhatsApp >>

Минздрав ввел новые профстандарты для медсестер

Минздрав ввел новые профстандарты для медсестер: разъясним как скорректировать должностные инструкции. 5 примеров

Эксперты дали разъяснения, как самостоятельно разобраться в структуре профстандарта сестринского персонала и адаптировать инструкции под новые требования Минздрава. Посмотрите как организовать работу, чтобы не нарушить трудовые права медсестер

Обязательные комиссии в медорганизации: как правильно организовать работу и распределить функции >>>

Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам СОП "Программа обращения с медотходами"!

напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверная почта или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
ИЛИ ВОЙТИ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам СОП "Программа обращения с медотходами"!

напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверная почта или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
ИЛИ ВОЙТИ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться
×
logo
Горячие темы этого месяца
Активируйте гостевой доступ
к Справочной системе 
«Actualis: Медицина»
  • Рекомендации и современные алгоритмы лечения
  • Актуальные НПА и разбор законодательств
  • Более 500 шаблонов готовых к использованию
×

med.mcfr.kz - с заботой о медработниках

Дарим подарки за регистрацию!

Пройдите регистрацию и получите доступ к системе Actualis:Медицина

Преимущества Actualis

  • Рекомендации и современные алгоритмы лечения
  • Актуальные НПА и разбор законодательств
  • Более 500 шаблонов готовых к использованию
Пройти регистрацию

Система Actualis
Руководитель медицинской организации
-

2023 жылы мейірбике сертификатын қалай алуға болады: соңғы талаптар

24 июля 2023
8074
Средний балл: 0 из 5
главная медицинская сестра Стоматологической клиники КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова, член Координационного совета МЗ РК, высшая категория, г.Алматы
Қазақстанда мейірбике сертификатын қалай алады
Қазақстанда мейірбике сертификатын қалай алады

2023 жылдың сәуір айында Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттаудың жаңартылған ережелері күшіне енді. Клиниканың лицензиядан айырылып қалмас үшін медициналық қызметке кімді жіберуге болатынын және мамандығы бойынша жұмыс істеу құқығын растағанға дейін кімді жұмыстан шеттетуге болатынын біліңіз. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың сертификатталуына жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесімен және басқа да негізгі өзгерістермен – бұдан әрі мақалада танысыңыз.

«Медицина қызметкерлері кәсіптік қызметке жіберуге арналған маман сертификатын қалай алады» мақаласының толық мазмұнын – «ACTUALIS: Медицина» электронды жүйесінен оқыңыз.

Тағы үлгілер мен шаблондарды осы жерден жүктеп алыңыз

Мейірбике сертификатын қалай алуға болады: соңғы өзгерістер

Медициналық қызметкерлерді сертификаттау не үшін қажет? Маман медициналық тәжірибеге дайын/дайын еместігін және оны клиникалық қызметке жіберуге болатындығын түсіну үшін.

Егер бұрын мұндай рұқсат тек пациенттермен жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне қажет болса, енді 2021 жылдың ортасынан бастап денсаулық сақтау мамандарының клиникалық практикаға ғана емес, фармацевтикалық қызметке, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы  саласындағы жұмысқа дайындығын анықтайтын болады.


 

Бүгінге Actualis: Медицина электронды жүйесіне


 

50


қолжетімділік қалды


 

Сонымен қатар, сертификаттау Денсаулық туралы кодекстің ережелеріне сәйкес (27-бап) медициналық менеджерлер үшін де қарастырылған.

Мейірбике сертификаты оны одан әрі растай отырып, 5 жыл бойы медициналық көмек көрсетуге құқық береді.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР 07.07.2020 № 360-VI Кодексіне сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген тұлғалар үшін резидентурада оқу кезеңінде резидент дәрігерлерді қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы өзінің кәсіптік қызметін жалғастыруға мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат, ал медициналық мамандықтар бойынша – денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты мүмкіндік береді.

МАҢЫЗДЫ! Маманның тиісті сертификатынсыз:

1) клиникалық практикамен айналысуға. Оған – білім туралы нострификацияланған құжаттары бар тәлімгердің және шетелдік мамандардың қадағалауымен пациенттермен жұмыс істеуге рұқсат етілген резидент дәрігер кірмейді;

2) фармацевтикалық практиканы жүзеге асыруға (2021 жылғы 1 шілдеден бастап);

3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызмет жасауға (2021 жылғы 1 шілдеден бастап) болмайды.

2021 жылы мейірбике сертификатын қалай алуға болады: соңғы талаптар
Н. Н. ШИЛЬТЕРХАНОВАредактор - эксперт ЭС «ACTUALIS: Медицина», врач
Сауатты кадр саясаты – басшылықтың бірінші кезектегі міндеттерінің бірі. 2021 жылы медициналық қызметкерлерді сертификаттаудың жаңа қағидалары қолданылады. Басшы медициналық қызметке кімді жіберуге болатынын және мамандық бойынша жұмыс істеу құқығы расталғанға дейін кімді жұмыстан шеттетуге болатынын білуі және бақылауы керек. Оған қоса енді мемлекеттік медициналық ұйымның бас дәрігері де денсаулық сақтау менеджерінің сертификатын алуға міндетті.

ҚР-да медицина қызметкерлерін сертификаттау процесін қандай НҚА реттейді

Сертификаттау мәселелерін (оның ішінде медбикелерді сертификаттауды) келесі нормативтік актілер реттейді:

1. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI Кодексі (27-бап).

2. «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» ҚР ДСМ 15.12.2020 № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығы.

3. «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 11.12.2020  № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығы.

4. «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесін бекіту туралы» ҚР ДСМ 30.11.2020 ж.  № ҚР ДСМ-218/2020 бұйрығы.

5. «Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ 11.12.2020 ж. № ҚР ДСМ-254/2020 бұйрығы.

6. «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығы.

7. «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және бейресми білім беру қағидаларын, Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және бейресми білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және бейресми білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқыту нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығы.

Қазақстанда мейірбике сертификатын қалай алады
Г. И. ПАСЬКОДКББМА МІ кафедрасының меңгерушісі, ҚР ДСМ үйлестіру кеңесінің мүшесі, жоғары біліктілік санатындағы медбике-менеджер, денсаулық сақтау саласындағы сыртқы кешенді бағалау және аккредиттеуден кейінгі мониторинг сарапшысы, медбике ісі саласындағы тәлімгерлерге ұлттық білім беру бағдарламасы шеңберіндегі тренер
Бақылау – менеджменттің басты функцияларының бірі. Медициналық ұйымның қызметі өзара тығыз байланысты бақылау мен жоспарлаудың үздіксіз болуын талап етеді.

8. «Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы» ҚР ДСМ 30.01.2008 ж. № 27 бұйрығы.

9. «Медицина кадрларын интернатурада даярлау қағидаларын және Медицина кадрларын резидентурада даярлау қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ 18.09.2018ж. № ҚР ДСМ-16 бұйрығы.

Мейірбике сертификаты: оқыту және рұқсат беру

Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты – жеке тұлғаның біліктілігін және оның клиникалық немесе фармацевтикалық практикаға немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке дайындығын қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік қызметке дайындығын растайтын белгіленген үлгідегі құжат (274/2020 бұйрықтың 2-т 3-тарм.);


Гость!

Мейірбикеге нені білу қажет:


Стоматологиялық емханадағы бас медбике жұмысына қойылатын бес талап: қателіктер мен еңбек қауіпсіздігі

Журналда білу


Бүгінгі күні сертификаттау тәртібін ҚР ДСМ 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығы анықтады.

Сертификаттауға рұқсат алу үшін сізге:

  • білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау,

  • денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығын бағалаудан өту керек (274/2020 бұйрығының 3-тармағы).

Сертификатқа үміткерлердің білімі мен дағдыларын бағалау ережесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығымен регламенттелген.

Сертификаттауды (оның ішінде медбикенің медициналық сертификатын) талап ететін денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен маманданулар тізбесі ҚР ДСМ 2020.11.30 № ҚР ДСМ-218/2020 бұйрығымен бекітілген.

Егов арқылы мейірбике сертификатын қалай алуға болады

Сонымен, мейірбике сертификатын онлайн қалай алуға болады және қандай құжаттар қажет?

Клиникалық мамандықтар бойынша сертификаттау тәртібі ҚР ДСМ 15.12.2020  № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығының 2-қосымшасымен мемлекеттік қызметтер стандарты нысанында регламенттелген.

Маман сертификатын алуға үміткерлерден өтінішті ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменті www.egov.kz, www.elicense.kz. «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қабылдайды. 

Сертификат алу үшін келесі құжаттар қажет:

1) үміткердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландыратын электрондық құжат нысанындағы өтініш (274/2020 бұйрыққа 1-қосымша);

2) мәліметтер нысаны (274/2020 бұйрығына 3-қосымша);

3) 2015 жылға дейін оқуды бітірген үміткерлер үшін жоғары, орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі медициналық білімі туралы диплом;

4) өтінім берілген мамандық бойынша интернатураны, резидентураны, клиникалық ординатураны бітіргені туралы құжаттар (олар болған кезде);

5) ҚР БҒМ 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығына сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында немесе олардың филиалдарында медициналық білім алған үміткердің білімі туралы құжаттарын тану немесе нострификациялау туралы құжат;

6) өтініш берілген мамандық бойынша қайта даярлау туралы куәлік (болған жағдайда);

7) біліктілігін арттыру туралы куәлік;

8) бағалау жөніндегі ұйым берген, оның ішінде шетелде медициналық білім алған адам үшін кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесінің көшірмесі.

Үміткер құжаттарды электрондық көшірмелер түрінде береді.

Шет тілінде берілген құжатқа қосымша қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасының электрондық көшірмесі ұсынылады.

2021 жылы мейірбике сертификатын қалай алуға болады: соңғы талаптар
И. Д. Муратова«Республикалық қан орталығы» ШЖҚ РМК бас экономисті, Алматы қ.
Жаңа заңдар, қаулылар мен бұйрықтар қабылданғанда медициналық ұйымдардың басшыларында жұмыскерлерге еңбекақы төлеу бойынша, атап айтқанда, жаңа нормативтік актілерде «біліктілік санаты» ұғымының болмауына байланысты сұрақтар жиі туындайды. Өйткені жалақы қызметкердің біліктілік санатының бар-жоғына және қандай санат екеніне байланысты – санат неғұрлым жоғары болса – екінші, бірінші, жоғарғы – лауазымдық айлықақыны есептеу коэффициенті соғұрлым жоғары болады. Медперсоналдың жалақысын дұрыс есептеу жолын және нені ескеру керектігін айтамыз.

Клиникалық мамандық бойынша маман сертификатын алу үшін өтініш берілген мамандық бойынша соңғы 5 жылда біліктілігін арттыру туралы куәлік талап етіледі. Сертификатты алуға өтініш берген сәтте оқуын 5 жылдан кешіктірмей аяқтаған интернатура, резидентура, орта оқу орнының түлектері бұған жатпайды. Мұндай шартты ҚР ДСМ 15.12.2020. № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығының 2-қосымшасының 8-тармағының 7) тармақшасы айқындайды.

Кандидаттың өтінімі 3 жұмыс күні ішінде өңделеді, содан кейін тіркелгенін растау электрондық почтаға жіберіледі.

Мейірбике сертификатын онлайн қалай алуға болады 

Егер мамандығы бойынша жұмыста 5 жылдан астам үзіліс болмаса, онда өтініш берген кезде соңғы 5 жыл ішінде жалпы көлемі 108 сағат болатын мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттыру туралы құжат болуы тиіс.

Егер мамандығы бойынша жұмыста бес жылдан астам үзіліс болса, сертификат алу үшін 216 сағат көлемінде өтінім берілген мамандық бойынша біліктілікті арттырудан өту керек.

Мұндай талаптар 274/2020 бұйрықтың 2-қосымшасының 8-тармағында айқындалған. 

Денсаулық сақтау саласындағы менеджерге сертификаттаудан қалай өтуге болады

1 қаңтардан бастап Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданылуын растау қағидалары туралы ҚР ДСМ 11.12.2020 № ҚР ДСМ-254/2020 бұйрығы күшіне енді.

Денсаулық сақтау менеджері – бұл мемлекеттік медициналық ұйымды басқаратын бірінші басшы (2-т. 2 тарм.)).

Денсаулық сақтау саласындағы менеджердің сертификаты – мемлекеттік медициналық ұйымды басқару үшін белгіленген үлгідегі құжат (2-т. 3) тарм.). Мұндай сертификат әр 5 жыл сайын расталады.

Мемлекеттік медициналық ұйымдардың барлық бірінші басшылары 2021 жылдың шілдесінен бастап сертификаттаудан өтеді.

Сертификаттау рәсімі екі кезеңмен жүргізіледі:

1) бірінші кезең – үміткердің үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау;

2) екінші кезең – үміткердің білімін бағалау.


Гость!

Что важно знать медсестре:


Пять требований к работе старшей медсестры в стомклинике: оргрешения и охрана труда

Узнать в журнале


Бұйрықта Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын алу үшін үміткер ұсынуы тиіс құжаттар пакеті бекітілді (6-т.).

Үміткердің үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растайтын құжаттарды қараған кезде соңғы 5 жылдағы кәсіби даму жөніндегі іс-шаралар ескерілетін болады. Егер үміткер мамандық бейіні бойынша емес үздіксіз кәсіби дамудан өтсе, онда оған сертификаттаудан бас тартылады.

Білімді бағалау тестілеу түрінде жүргізіледі, ол:

  • ситуациялық есептерді шешуді (кейс-тестинг),

  • нормативтік-құқықтық актілерді білуді,

  • жеке қасиеттерін бағалауды көздейді.

Сертификат беруден бас тарту

Маман сертификаты 4 жағдайда:

  • үміткердің құжаттары немесе ондағы мәліметтер дәйексіз болғанда;

  • үміткер немесе ұсынылған материалдар, деректер мен мәліметтер ҚР нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмегенде;

  • үміткерге қатысты мәлімделген мамандық бойынша медициналық қызметке тыйым салу туралы сот шешімі заңды күшіне енсе;

  • сот шешімі заңды күшіне еніп, соның негізінде үміткер мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылғанда, берілуден бас тартылуы мүмкін.

Мұндай талаптар 274/2020 бұйрықтың 2-қосымшасының 9-тармағында айқындалған.

2022 жылы медицина қызметкерлерін сертификаттау туралы толығырақ ақпаратты «ACTUALIS: Медицина» электрондық жүйесінен оқыңыз.

logo

Дорогой коллега, узнайте важные изменения с системой
«Actualis: Медицина»

► Основные изменения в законодательстве
для медорганизаций в 2024 году
АКТИВИРОВАТЬ ДОСТУП