Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Канешев брифингте, Қазақстанның халықаралық аттестаттаудан өтпеген медициналық зертханалары, одан өтуге міндетті екендігі туралы мәлімдеді.
Аттестаттау стандарттары негізінен медициналық құрал-жабдықтарды сертификаттауға қатысты болады.
Қазақстанда бүгінгі күні екі мың зертхананың ішінде тек төртеуі ғана халықаралық аттесттаудан өткен, алаккредиттелмеген зертханалар ұсынатын көрсеткіштер мен талдауларүнемі дұрыс бола бермейді, дегенді атап өтті Б. Канешев.
«Қазіргі кездетиісті хаттама қабылданды және біз Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірге барлық медициналық қызметтерді халықаралық стандарттарға сәйкестікке келтіру бойынша жұмысқа кірісетін боламыз», – деп қостыБ. Канешев.
Оның айтуынша аккредиттеу жөніндегі жұмыстар 2016 жылы басталады.